Мырзахмет
ПОДЕЛИТЬСЯ СТРАНИЦЕЙ
История солдата
Ұлы жеңістің 70 жылдық қарсаңында марқұм болған соғыс ардагері әкем Тобағабылов Мырзахметтің бала кезімде айтқан сұрапыл соғыстың зардабы туралы әңгімесі есіме түсіп отыр.
Әкем 1918 жылы 20 маусымда Қызылорда қаласы, Шиелі ауданы Тартоғай ауылдық округінде дүниеге келген. Соғыс деген хабарды естіп Отанын қорғауға аттанғанда, әлі жиырма жасқа жетпеген балғын жігіт екен. Отан согысы жылдары ол Москва түбіндегі шайқасқа, Австрияның астанасы – Венаны гитлерлік фашистерден азат етуге қатысады. Сол кездегі ерліктері үшін жан аямай шайқасқа қатысқаны үшін көптеген медальмен наградталады. Жеңіскпен оралғанда, семья құрып, Қызылорда қаласындағы Локаматив депосындағы озат слесарь тәжірибелі мамандардың бірі ретінде танылды. Оны Москвадан, Ақтөбе қалаларындағы соғыс ардагерлерімен кездесуге шақырылып, музейге құжаттарын, сурет альбомдарын жинақтап өткізген. Көзі тірісінде 3 ұл, 2 қызды тәрбиелеп өсірген әкеміз 1993 жылы жетпіс бес жасқа қараған шағында дүниеден озды.
Воспоминания
Ұл - қыздары, немерелері, шөберелері.
Туған туысқан – ағайындарға қамқоршы бола білген, ынтымаққа шақырған. Оның күнделікті істерін, қоғамдық жұмыстарын көрген әрбір кісі оған, ризашылығын білдіріп қажыр – қайратына таң қалатын. Өте мейірімді қарапайым кісі.