
Хамит
Караевич
ПОДЕЛИТЬСЯ СТРАНИЦЕЙ
История солдата
Ұлы Отан соғысы-біздің мемлекетімізге тиген ең ауыр, қатаң және қорқыныш берген, бүкіл әлем тарихындағы ең ұзақ, соғыс болды. Бұл жеңіс онайлықпен келген жоқ.
Бұл танымал трагедия біздің отбасымызға да әсер етті. Атамыз Сулейменов Хамит Караевич 1942 жылы май айында Қызыл Армия қатарына шақырылды. Мамыр айынан тамыз айна дейін 59-шы атқыштар полкісінің, Оңтүстік Орал әскери округынің 13- атқыштар дивизиясының курсанты болып тәмәмдап, сол жылы оқыған жерінен Отан соғысына аттанды. Атамыз Алла сәтін беріп балдақпен болсада аман есен неміс-фашистерын жеңіп қайтып келді. Атамыз соғыстың қайнап жатқан кездері, жан алысып, жан берісіп жатқан сәттерде бірнеше жарақатты болған. Атамыз негізі соғыс кездерді ойына салып айтканды жақсы көрмейтін еді. Бір әңгімесінде жарақаттан қалған колындарындагы іздерін көрсетіп Бұл акоптан қолымдағы мылтығымды көтеріп Ура деп айқалап шыққан кезде неміс фашисінің оғы тиген деп айтқаны есімізде. Атамыз бір неше рет жанға баттар жарақаттар алып далалық госпитальдарда емделген. Соғыс бітерге таман 1945 ж. аягынан жарақат алып уйге балдақпен оралды. Елімізді неміс фашист басқыншыларынын азат ету де көрсеткен ерлігі үшін атамыз Қызыл Жұлдыз ордені мен, ҰОС Германияны жеңген үшін медальлімен, Екі рет екінші дәрежелі Ұлы Отан соғысы орденімен, Батылдық танытқан үшін құрмет медальдармен марапатталған.