Смадиев Таян
Смадиев
Таян

рядовой / артиллерист
28.03.1919 - 10.06.1998

История солдата

Шығыс Қазақстан облысы Катон-Қарағай  ауданы  Өрнек ауылында дүниеге келді. Ол 1939 жылы Большенарым комиссариатынан әскерге шақырылады. 1941 жылы тамыз айынан 1945 жылдың 9 мамырға дейін  соғысқа қатысады. Брест қамалындағы,  Сталинград түбіндегі соғысқа, Украинаны, Кавказды, Белоруссияны, Қырымды,Польшаны, Прибалтиканы азат етуге  қатысты. Ұлы Отан соғысы жылдарында әкем қатыспаған бірде - бір үлкен шайқас болмады. Ол сол кездегі ерлігі үшін "Ерлігі үшін", "Жауынгерлік еңбегі үшін" т.б. медальымен марапатталды. Сол иығынан, оң қолынан жараланады. 1945 жылы қыркүйек айында елге оралады. Елге келген соң үйленіп, анам екеуі 9 баланы тәрбиелеп өсірді. Черняховский  атындағы совхозда жұмыс істеді. "Ерен еңбегі үшін" , "Еңбек ардагері"  медалдарымен марапатталған. Әкем 1998 жылы 10 маусымда Өскемен қаласында қайтыс болды. 

Регион Республика Казахстан
Воинское звание рядовой
Населенный пункт: Казахстан
Воинская специальность артиллерист
Место рождения ВКО Катон-Карагайский район с.Орнек
Годы службы 1939 1945
Дата рождения 28.03.1919
Дата смерти 10.06.1998

Боевой путь

Место призыва ВКО Большенарвмский РВК
Дата призыва 02.1939
Боевое подразделение 682 арм.полк 46 гв.стр.полк
Принимал участие Северо-запад.фронт, 1 ПриФ, 3Белорус.Ф.

v

•          Боевые действия в составе: 16 гв. сд

26.12.1941 - 30.12.1941

•          Боевые действия в составе: 16 гв. сд

24.02.1942 - 24.02.1942

•          Боевые действия в составе: 16 гв. сд

14.01.1943 - 14.01.1943

•          Боевые действия в составе: 16 гв. сд

24.11.1943 - 30.11.1943

•          Боевые действия в составе: 16 гв. сд•        Полоцко-Витебская наступательная операция. 1.11-21.11.43 г. •  

                Городокская наступательная операция. 13.12-31.12.43 г.

•          Витебская наступательная операция. 3.2-13.3.44 г. •     

              •        Боевые действия в составе: 16 гв. сд

02.01.1944 - 02.01.1944

 5-й удар. Разгром немцев в Белоруссии. Июнь-июль 1944 г. •

                Витебская наступательная операция. 23.6-28.6.44 г. (Операция 5-го удара) •        Витебско-Оршанская наступательная операция. 23.6-28.6.44 г. (Операция 5-го удара) •           Минская наступательная операция. 29.6-4.7.44 г. (Операция 5-го удара)

•          Полоцкая наступательная операция. 29.6-16.7.44 г. (Операция 5-го удара) •  Шауляйская наступательная операция и отражение контрударов противника в районах    западнее и северо-западнее Шауляй. 17.7-28.8.44 г. (Операция 5-го удара) •        

8-й удар. Разгром немцев в Прибалтике. Сентябрь-октябрь 1944 г. •  

Рижская наступательная операция (1 этап). 14.9-28.9.44 г. (Операция 8-го удара)

•          Мемельская наступательная операция. 5.10-12.10.44 г. (Операция 8-го удара)

•          Боевые действия в составе: 16 гв. сд

18.10.1944 - 23.10.1944

Воспоминания

Ардагерлер қан майданда талай отты кештіңдер, Жастық дәурен қызығы жоқ, азап тартып өстіңдер. Жеңіс күнін көзбен көріп, тойлағаннан бері де. Ширек ғасыр кейін қалды, естен кетпес ол күндер. Отты күндер өтті, кетті, ал , ағалар қартайды, Жылдар жылжып өткен сайын қатарлары ортайды. Азаймасын дегенменен болмайды екен бұл тағдыр Азы қалып, көбі олардың мәңгілікке жантайды Расында да, Ұлы Отан соғысынан аман оралған ақсақалдарымыздың қарасы жыл санап азайып барады емес пе?! Солардың жанымен, қанымен, терімен, көз жасымен, күшімен, ісімен, ерлігімен, атаның туын жықпай, ананың намысы үшін туған жердің топырағын жауға таптатпай, еңіреп жүріп жауды жеңіп, тауын шағып, туын жығып, жеңістің таңбасын басқан күн – Жеңіс күні. Бұл күннің толғағы ащы болса да, туғаны бар халқы үшін қуаныш болған күн. Сондықтан да бұл Ұлы мереке. Оққа ұшқан қарулас жолдастарының аманатын арқалап, аман оралған ардагер аталарымыздың өздері қорғап, қорған қамқор болып оралған арттағы қалың елдің қамығып жеткен Жеңіс күнін, біз ұмытсақ та тарих ұмытпайды. Ол - өмір заңы. Жеңіс күні мерекесі біздің отбасымыз үшін де ерекше мереке. Жеңіс күні әкемнің екінші туған күні ретінде бәріміз жиналып тойлаушы едік. Оның себебі, менің әкем Смадиев Таян 1919 жылы туған, куәлігінде туған күні 28 наурыз деп жазылған. Әкеміз 1939 жылы әскер қатарына шақырылып, содан соғысқа қатысып, 1945 жылы қыркүйек айында еліне бірақ оралады. Сол қырғын шайқаста аман қалып, жеңісті көргеніне шүкіршілік етіп, жеңіс күнін өмірге қайта келген туған күні деуші еді. Бұл біздің отбасымыздың дәстүрі, әлі де біз Жеңіс күнінде жиналып әкеміздің басына барамыз... Иә біздің әкелеріміз төрт жыл, 1418 күн мен түн бойы өз жері мен отаны үшін, келешек ұрпақ үшін, біз үшін жан аямай соғысты.Ұлы Отан соғысы халқымызға төнген ең ауыр күндер болды. Сол кездегі Кеңес Одағының басқа халықтарымен бірге жауды талқандап, жеңіске жету ісіне әкем де өзінің лайықты үлесін қосты. Әкем 682 атқыштар полкі, 235-ші атқыштар дивизиясы құрамында Солтүстік-Батыс майданы, 46-ші атқыштар полкінде, 16 атқыштар дивизиясы құрамында, 1-ші Прибалтика майданы (бас қолбасшы И. X. Баграмян) шебінде, 3-Белорусь майданы құрамында майданға түседі. ОЛ Брянск қаласынан бастап, Сталинград түбіндегі, Брест қамалындағы ұрысқа, Днепр өткелінде, Украинаны, Кавказды, Белоруссияны, Қырымды, Прибалтиканы азат етуге, Польша, Румыния, Венгрия, Чехословакия, Болгария, Германия жерлеріндегі майданға қатысты. Тарих беттерін парақтай отырып, әнде айтылғандай, «жер шарының жартысын жаяу жүріп өтіп, жеңісті жақындатқан» жауынгер ерлігіне бас иесің... Осы ұрыстардағы ерлігі үшін әкем «Ерлігі үшін» медалін алады. Ол туралы мұражайдағы марапаттау парағында «16-26.07.44 ж. Неман өзенінің сол жағалауындағы плацдармды кеңейту шайқастарында неміс басқыншыларын ерлікпен талқандап, жойып жібергені үшін Гвардияның 8-ші миномет ротасының қатардағы жауынгері Смадиев Таян «Ерлігі үшін» медаліне ұсынылады. Ол қарсыластың қарсы шабуылын қайтару кезінде атыс нүктелері мен жаудың жұмыс күші бойынша дәл және үздіксіз оқ жаудырды, бұл жауынгерлік тапсырманы орындауға ық пал етті»,- деп жазылды. "1943 жылдың 15-22 ақпаны аралығында Матасов Д. Извоз ауданындағы шабуыл шайқастары кезінде тез және уақытылы командаларды орындады ұрыс кезінде зеңбірекші жарақат алған кезде оны ауыстырды, нәтижесінде пулеметтің атысы тоқтатылып, жаудың екі дзоты жойылды." Осы ерлігі үшін «Жауынгерлік еңбегі үшін» медалына ұсынылды. Әкемнің ерліктері туралы осындай мұрағат құжаттарынан білдік. Ол кісі соғыс туралы айта бермейтін. Сол кезді еске алғысы келмегендіктен болар. Жалпы екінші дүниежүзілік соғыстағы жеңіс Кеңес Одағына қымбатқа түсті. Елдің 27 млн астам адамдары соғыста қаза болды. Майдан даласынан 394 мың қазақ боздақтары қайтпай қалды .Біздің ауылда да соғыстан аман келген үш-ақ ардагер бар еді. Әр отбасынан кеткен қаншама адам оралмаған. Бұл соғыс қайғы-қасірет әкелмеген бірде-бір отбасы болмады... Бірінің әкесі, бірінің ағасы қаза тапты. Қаншама жас боздақтардың қыршын жасы қиылды...Біздің ауылда бір апа жалғыз тұрушы еді. Ол кісі қайтыс болғанда, туыстары үйін бұзып, басқа жерге әкетті. Сонда бөрененің астына шытқа буылған үшбұрышты солдат хаттарын тауып алыпты. Ол кісінің бес ұлы, күйеуі соғыстан оралмапты.Хаттарын солай сақтаған ғой.Ол хаттар мектеп мұражайында тұратын. Соғыс ардагерлері мақтанбайтын. Қаншама соғыс даласында қалған жауынгер достарының рухын қастерлегендіктен болар... Әкем де адал, шыншыл, өтірік айтуды жаны сүймейтін адам еді. Соғыстан кейін де совхозда адал қызмет етті. Сол еңбегі үшін «Ерен еңбегі үшін», «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды. Анам да тылда еңбек етіп, соғыстың тауқыметін бір кісідей көрді. Аш жалаңаш жүріп соғыстағы жауынгерлерге азық дайындады. Майданға кеткен талай мыңдаған жұмысшылар мен шаруалардың орнына шексіз қиын, ұйқысыз, ас-сусыз еңбек вахтасында әйелдер мен балалар, мүгедектер мен зейнеткерлер тұрды. Әр отбасының басшысы майданда болды. Сондықтан, сол кездегі адамдарға тәулік бойы жұмыс істеуге тура келді.. «Бір минут ішінде сен соғысқа дейін бір сағатта істегеніңді істеуге тиістісің!» деген ұранды ұстанған адамдар қатал тәртіп пен еріксіз жұмыс істетулерге қарамастан, асқан шыдамдылық танытып, ешқандай қысым көрсетусіз-ақ ұйымшылдықтың асқақ үлгісін көрсетті. Міне, осындай жанқиярлықпен Кеңес халқы мен оның Қарулы күштері бұдан 76 жылдан астам бұрын адам баласының қас жауы фашизмді талқандады. Өткен азапты жолдың ауыр сабақтарын халық ешқашан да ұмытпайды. Көңілге көп тоқыған Кәрі-құртан ашынды. Қара қағаз оқудан Сауатымыз ашылды, - деп Қадыр Мырзалиев жырлағандай, Ұлы Отан соғысы, ондағы Жеңіс талай адамдардың тағдырын күрт өзгертті, талай жанның өмірін үзді. Ал енді бүгін, 9 мамыр күні, бұл мейрамды бүгінгі майдангерлер –соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткендер Ұлы Отан соғысының қатысушылары тойлайды. Бұл мейрамды өздерінің тылдағы қажырлы еңбектерімен жеңісті шыңдаған шаруалар тойлайды. Бұл мейрамды өздерінің әкелерін, ерлерін, ұлдарын және сүйіктілерін көзінен жасы сорғалай жүріп төзімділікпен күткен апалар тойлайды. Осынау Ұлы Жеңіс күнінде Отанымыз үшін өзінің жанын пида еткен, туған-туысқандарына, жақын-жарандарына, тамыр-таныстарына қайтып оралмай қалған қаһарман ерлерді ел болып еске түсіреміз. 9 мамыр – фашизмді жеңген қаһарман халқымыздың мереке күні. Осынау қуаныш үшін өмірлерін қиғандарды еске алу күні. Бұл күні аналар мен жесірлердің жүрегі осыдан 76 жыл бұрынғыдай сыздайды. Бүгін жеңімпаздардың, олардың балаларының, немерелерінің жүрегі мақтаныш сезіммен лүпілдей соғады! Ел алдындағы борыштарын өтеп, еліміздің амандығын, жеріміздің тұтастығын қорғап қалған ардагерлерге тағзым ету біздің қашанда парызымыз. Мың алғыс саған, майдангер! Сіздердің арқалаларыңызда бейбітшілікте, Тәуелсіздікте бақытты өмір сүріп жатырмыз. Елімізде мәңгі бейбітшілік болсын.

Награды

Смадиев Таян . Медаль «За боевые заслуги»

Смадиев Таян . Медаль «За боевые заслуги»

Наградной документ Дата рождения: __.__.1919 Место призыва: Катон-Карагайский РВК, Казахская ССР, Восточно-Казахстанская обл., Катон-Карагайский р-н Воинское звание: красноармеец Воинская часть: 682 ап 235 сд СЗФ Даты подвига: 15.02.1943-22.02.1943 Наименование награды: Медаль «За боевые заслуги» Приказ подразделения №: 4 от: 28.02.1943 Издан: 682 ап 235 сд Северо-Западного фронта

Смадиев Таян Медаль «За отвагу»

Смадиев Таян Медаль «За отвагу»

Наградной документ Дата рождения: __.__.1919 Дата поступления на службу: __.__.1942 Место призыва: Катон-Карагайский РВК, Казахская ССР, Восточно-Казахстанская обл., Катон-Карагайский р-н Воинское звание: гв. рядовой Воинская часть: 46 гв. сп 16 гв. сд 3 БелФ Даты подвига: 16.07.1944-27.07.1944 Наименование награды: Медаль «За отвагу» Приказ подразделения №: 21/н от: 10.08.1944 Издан: 46 гв. сп 16 гв. сд 3 Белорусского фронта

Смадиев Таян Орден Отечественной войны II степени

Смадиев Таян Орден Отечественной войны II степени

Документ в юбилейной картотеке Дата рождения: __.__.1919 Место рождения: Казахская ССР, Восточно-Казахстанская обл., Катон-Карагайский р-н, с. Орнек Наименование награды: Орден Отечественной войны II степени Номер документа: 85 Дата документа: 06.04.1985 Автор документа: Министр обороны СССР

Документы

Военный билет

Военный билет

Прохождение действительной  военной службы

Прохождение действительной военной службы

Участие в боях

Участие в боях

Правительственные награды и какие имеет ранения

Правительственные награды и какие имеет ранения

Наименование военно-учетной специальности

Наименование военно-учетной специальности

отношение к военной службе

отношение к военной службе

уволен (демобилизован)  в запас

уволен (демобилизован) в запас

Фотографии

Әкем мен анам

Әкем мен анам

Әкем анам ағам немересі

Әкем анам ағам немересі

Әкем анам немересі Ерлан

Әкем анам немересі Ерлан

Әкем. Өрнек ауылы

Әкем. Өрнек ауылы

Отбасы Әкем. Анам. Балалары.Немерелері.

Отбасы Әкем. Анам. Балалары.Немерелері.

Немересі Ерлан шөберелері Наиля, Нияз

Немересі Ерлан шөберелері Наиля, Нияз

немерелері Аян мен Карина

немерелері Аян мен Карина

Каринаның салған суреті

Каринаның салған суреті

Автор страницы солдата

Страницу солдата ведёт:
История солдата внесена в регионы: