![Рысдаулетов Кожахмет](https://cdn.moypolk.ru/static/resize/w390/soldiers/photo/2015/04/18/427b002a1e6f600be2856530bbade453.jpg)
Кожахмет
ПОДЕЛИТЬСЯ СТРАНИЦЕЙ
История солдата
Әкем Рысдаулетов Кожахмет Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, 1-май ауылында 1909 жылы шаруа отбасында дүниеге келген. 1924 жылы Орынбор қаласындағы Ветеринар техникумына түсіп, 1928 жылы бітіріп шыққан.
1939-1941 жылдар арасында Сары-Ағаш ауданында, Жарты-Төбе ауылында мектеп директоры қызметін атқарған. 1942 жылы Қызылорда Әскери комиисариятынан майданға алынады. 1942-1943 жылдары Брянск қаласы саяси-әскери училище курсанты. 1943 жылдары командир орынбасары, оқу дивизия командирі, 39-атқыштар дивизиясында болған. 1943-1944 жылдары Харьков танк училищесінде тыңдаушы, 1944 жылдан бастап СУ-76 (танк) командирі. 1945 жылы наурыз айында Бірінші Қиыр Шығыс фронтына 456-самоходный артелерия дивизиясы, 39-атқыштар дивизиясында СУ-76 (танк) командирі болған.
1941-1945 жылдары неміс фашистерімен соғыста көрсеткен ерлігі үшін марапатталды. 1945-1946 жылдары Жапон соғысына қатысқан ерлігі үшін медальмен. Содан 1946 жылдың мамырында елге аман-есен оралып, 1968 жылға дейін мұғалімдік қызмет атқарды. 1968 жылдың қыркүйек айының 2-жұлдызында дүниеден озды.