Нуралы
Тиржанович
ПОДЕЛИТЬСЯ СТРАНИЦЕЙ
История солдата
Маубасов Нұралы Тіржанұлы, 1987 жылдың бірінші тамыз күні Ұйымшыл ауылында дүниеге келген. Отбасында тұңғыш бала болғандықтан, ерте жастан еңбекке араласып, колхоздандыруға қатысқан. 1930 жылы Нәрке әулеті, соның ішінде Нұралы атамыз да әкесі Тіржанмен Құдық-ағаш ауылының ірге тасын қалауға көп еңбек сіңірген. Әр жылдарда колхода басқарма, бухгалтер, қой фермасының бригадирі қызметтерін атқарған. 1923 жылы Ділдәш Жанұзаққызымен отау құрған.
Боевой путь
Воспоминания
Нұралы баласы Жамаш-Жұма Әлидің әкесіне арнаған "Әке жүрген жолдармен" өлеңі
...Ауылға «Құдық-ағаш» атау берді,
Колхозға жұмылдырып осы жерді.
Тіржанның үлкен ұлы Нұралысы,
Ақылшы болып жүрді бастап елді.
...Кешікпей жол қысқарды бағытынан,
Жеткізген айрылғандай бақытынан.
Тұтанды да Батыста соғыс оты,
Басталды ел шетінде қалың майдан.
Жылы еді қырық екінші сол соғыстың,
Шарпыған батысымды ажал жойқын.
Күн мен түн от жамылып найзағайлы,
Бейбіт ел қалды астында қызыл оқтың.
Ауылдан бас көтерер азаматтар,
Азайып әр күн сайын елден жастар.
Ойсырап қалып жатты әр шаңырақ,
Аттанды кезекпенен асыл қарттар.
Кешікпей бұл сапарға әкем кетті,
Қаншама қимаса да туған жерді.
Дайындық Қызылжарда аяқталып,
Шетіне от-жалынның барып жетті.
Соғыстың аты соғыс тым қаһарлы,
Күйретіп жау тастаған бомбалары.
Жазықсыз талай жандар болды құрбан,
Дауылды от жалмаған қалаларды.
Әкем де көппен бірге қаруланды,
Фашистке өзеуреген намыстанды.
Күні-түні жалғастырып жорықтарын,
Жауына хас батырша атой салды.
Алғашқы кірген тұсы қан майданға,
Өтіп еді Белоруссия орманына.
Жігіттей қарт болса да автоматпен,
Қаймықпай қарсы тұрды жауларына.
Алға сап келіп жатты Польшаға да,
Тым алыс емес еді Варшава да.
Паналады орманға қарағайлы,
Бірігіп біраз адам бір ротаға.
Әкемнің қолындағы автоматы,
Жауына ажал төгіп қуат алды.
Кейіннен көзі көрді талайлардың,
Сұлаған жер жастанып алдындағы.
Есіңде бір оқыс жай қалған екен,
Фашистің желкесінен төніп келген.
Көз ілмес шапшаңдықпен атылды да,
Қас жауын алып ұрды жермен жексен.
Әкем де байқап қалды сол жақ қолдан,
Жаралы болғандығын аққан қаннан.
Жауынан атылған оқ дәлдеп келіп,
Білектің бұлшық етін қақ айырған.
Осындай талай ауыр күндер өтті,
Ойранын фашистердің көзі көрді.
Айырылмай майдандас жолдастардан,
Армандап өзі айтқан Берлин жетті.
Қырық бестің шілдесінде әкем де,
Оралды ғой сағындырған еліне.
Жеңіс туын қолға ұстап ауылға,
Өзі орнатқан ірге тасын бір кезде.
Бүгінде ел айтады жүрген жолын,
Ұсынған кем-кетікке адал қолын.
Орнатқан ескерткіш деп атамақпын,
Жазылған осы жырдың әрбір жолын.
Нұралы атамыздың соғыста жүріп ұлдары Жамаш пен Шәрәпиге арнап жазған өлеңі.
Жәмәли, Шәрәпи атың жұп-ай,
Мехнатты көп тарттым ғой үйден шыға-ай.
Егерде тілеуіңді берсе Құдай,
Ұлы Жеңіс күніне жетерміз-ай.
Қос құлным айналайын боталарым,
Ұрпағым, артымдағы ізбасарым.
Сағынып өздеріңді жүрмін аңсап,
Дәл қазір беттеріңнен сүйер ме едім?!
Болсаң да, балаларым жастарың жас,
Ел-жұртқа елде қалған болыңдар бас.
Заманның, ел иесі - сендерсіңдер,
Болмаңдар "жаспыз" деп ұйқыға мас.
Күніне сансыз тілек Құдайға айт та,
Зар жылап ешқашанда қайғы тартпа.
Қайтемін болған істе болаттаймын,
Әттең, не керек сендерге құс боп ұшып бара алмаймын.
Балаларым, өсиетім сендерге айтар,
Жыласа ел баласы, бізге батар.
Қайрат қып ақылменен айла тауып,
Жұбатып: "Жеңіс күні келеді" деп.
Шәрәпи атамыздың інісі Жамашқа жазған хаты:
Жәмәли, бауырым, жерлестерім,
Ойыма түсесіңдер әлсін-әлсін.
Ел-жұртым бәріңді де сағынамын,
Көруге нәсіп етсін, о Жаратқан.
Хат жазам қалам алып бауырларым,
Сағынып сендерді ойлап қамығамын,
Соғыстағы әкемді мақтан тұтып,
Шет жерде генералдай үлгі етемін.
Көп сәлем ағайын-туғандарға,
Кешіріңдер реніштерің болса маған.
Ойласам артық екен бағаларың,
Келесі амандықты сізден күтем.
После войны
Соғыстан кейін Құдық-ағаш ауылында әр түрлі қызметтер атқарып, 1957 жылы зейнеткерлікке шықты. Екі ұлы Шәрәпи мен Жамаштан 12 немере, 2 қызы Шәмшөк пен Шамиладан 13 жиен, Болат пен Қанат деген шөберелер көріп, өз ауылының ел құртметтеген ақсақалына айналды. Жасынан шымыр боп өскен атамыз сексенді алқымдаған кезіңде де атқа қарғып мініп, шаруадан қалыс қалған емес, оған жерлестері куә.