Курымбаев Уйкасбай Курымбайулы
Курымбаев
Уйкасбай
Курымбайулы
1.01.1915 - 12.10.2012

История солдата

                                            Өмірбаян

          Құрымбайұлы Ұйқасбай 1915 жылы Балқаш ауданында туып, бар өмірін еңбекке  арнады.Әкесінен 5 жасында қалып, анасы Ажар мен екі әпкесіне қамқор болуға талпынды. Ашаршылықты да, сұрапыл соғысты да, ауыр тұрмысты еңбекті де бастан кешті.

Мектеп қабырғасында – ақ белсенді әрі ұйымдастырушылық, алғыр қабілетімен танылған жас кеңес жұмысына ерте араласты. 1930-1942 жылдары алғашқы коллективтендіру дәуірінде «Ленин жолы» клохозында бас бугалтер болып, шаруашылықты қосалқы системаға көшіріп, экономиканың даму жолына жол ашқан. Сонымен бірге, колхозшылардың сауатсыздығын жою үшін мұғалім (лекбез) болған.

1942-1943 жылдары Ұлы отан  соғысына қатысып Калининград майданының Ржов қаласын азат етуде ауыр жарақат алып елге оралған.

1944-1950 жылдары ССРО дайындау министрлігінің Балқаш ауданындағы өкілінің орынбасары болған. Осы қызметте жүріп, ССРО жоғарғы советінің президенттінің указымен III дәрежелі кеңесші деген дербес атақ алған.

1951-1960 жылдары соғыста зардап шеккен ауыл шаруашылығын шұғыл түрде қалпына келтіру жайлы білікті кадрлерді іріктеп 30 мың адамды колхозға жіберу туралы орталық партия комитетінің нұсқауы бойынша 30 мың адамның бірі болып, Алма-Ата обкомының жолдамасымен Балқаш ауданының Куйбешев колхозы, содан кейін Комсомол колхозында преседатель болып істеген. Соңынан 2 колхоздың ( Ленин жолы, Комсомол колхозы) негізінде Құйған совхозы құрылып, совхоз директорының орынбасары болған. Совхоздың  орталығын Топар өңіріне яғни жаңа жерге қоныстандыру жөнінде ықпал жасап, тың жерге қоныстандыру міндетті жүктелген. Балатопар ауылының қоныстануында, ірге тасын қалауға қосқан ерекше еңбегі бар.

1960-1975 жылдары Балқаш көлінің оңтүстік жағалауы Іле өзенінің қос қанаты өзен - көлдерінде терісі бағалы аңдатр өсіріп экспортқа шығарушы аймақтық басқарманың директоры болған.Осы мекемені он бес жыл басқарды. Нәтижесінде, Бақанас аңдатыр шаруашылығын дамытып, одақ бойынша 20%, қазақстан бойынша 60% экспортқа шығарып, шаруашылық дәрежесін жоғарлатып,  еліміздің алтын қорына қомақты үлес қосқан.

Ұйқасбай ата - қоғамның әр саласында жауапты қызмет атқарып ел сенімін ақтаған еңбек ардагері. Зейнеткерлікке шыққан соң да қоғамдық жұмыстан қол үзбей,  жүзге жақындаған шағында да  қазыналы қалпын сақтап, ел-жұртына, ағайын-туысқа ақылман абыз  болды. Сондықтан да бұрынғы Күрті ауданының және өзі ірге тасын қалаған Балқаш аудандарының Құрметті азаматы, сонымен қатар, отан соғыс ардагері деген бірнеше медальдар және ордендермен марапатталған.

Регион Республика Казахстан
Населенный пункт: Алматы
Место рождения Казахская ССР, Алма-Атинская обл., Куртинский р-н, с.Куйган
Годы службы 1942 1943
Дата рождения 1.01.1915
Дата смерти 12.10.2012

Боевой путь

Место призыва Казахская ССР, Алма-Атинская обл.,Куртинский р-н, с.Куйган
Дата призыва 2.05.1942
Боевое подразделение Челябинская область, шубарколь боевая подготовка
Завершение боевого пути Калининград , город Ржов
Принимал участие сражения

Воспоминания

Курымбаев Уйкасбай

Біз атамызды өте ақылды, сабырлы, байсалды, өз ісіне мығым, әр қашан ақылы мен көмегін аямайтын нағыз ер мінезді азамат ретінде еске аламыз. Құрымбайұлы Ұйқасбай атамызды бізге берген тәрбиесімен мақтанамыз. Сіз біздің мәнгі есіміздесіз. Біз сізді мақтан тұтамыз және өте қатты жақсы көреміз. Біз сізді сағындық. Жатқан жеріңіз жайлы, жаныңыз жұмақта болсын аташым.



Видео https://www.youtube.com/watch?v=SWgSdvBjUY0

Награды

Документы

статья

статья

После войны

                                                                    Өмірбаян

          Құрымбайұлы Ұйқасбай 1915 жылы Балқаш ауданында туып, бар өмірін еңбекке  арнады.Әкесінен 5 жасында қалып, анасы Ажар мен екі әпкесіне қамқор болуға талпынды. Ашаршылықты да, сұрапыл соғысты да, ауыр тұрмысты еңбекті де бастан кешті.

Мектеп қабырғасында – ақ белсенді әрі ұйымдастырушылық, алғыр қабілетімен танылған жас кеңес жұмысына ерте араласты. 1930-1942 жылдары алғашқы коллективтендіру дәуірінде «Ленин жолы» клохозында бас бугалтер болып, шаруашылықты қосалқы системаға көшіріп, экономиканың даму жолына жол ашқан. Сонымен бірге, колхозшылардың сауатсыздығын жою үшін мұғалім (лекбез) болған.

1942-1943 жылдары Ұлы отан  соғысына қатысып Калининград майданының Ржов қаласын азат етуде ауыр жарақат алып елге оралған.

1944-1950 жылдары ССРО дайындау министрлігінің Балқаш ауданындағы өкілінің орынбасары болған. Осы қызметте жүріп, ССРО жоғарғы советінің президенттінің указымен III дәрежелі кеңесші деген дербес атақ алған.

1951-1960 жылдары соғыста зардап шеккен ауыл шаруашылығын шұғыл түрде қалпына келтіру жайлы білікті кадрлерді іріктеп 30 мың адамды колхозға жіберу туралы орталық партия комитетінің нұсқауы бойынша 30 мың адамның бірі болып, Алма-Ата обкомының жолдамасымен Балқаш ауданының Куйбешев колхозы, содан кейін Комсомол колхозында преседатель болып істеген. Соңынан 2 колхоздың ( Ленин жолы, Комсомол колхозы) негізінде Құйған совхозы құрылып, совхоз директорының орынбасары болған. Совхоздың  орталығын Топар өңіріне яғни жаңа жерге қоныстандыру жөнінде ықпал жасап, тың жерге қоныстандыру міндетті жүктелген. Балатопар ауылының қоныстануында, ірге тасын қалауға қосқан ерекше еңбегі бар.

1960-1975 жылдары Балқаш көлінің оңтүстік жағалауы Іле өзенінің қос қанаты өзен - көлдерінде терісі бағалы аңдатр өсіріп экспортқа шығарушы аймақтық басқарманың директоры болған.Осы мекемені он бес жыл басқарды. Нәтижесінде, Бақанас аңдатыр шаруашылығын дамытып, одақ бойынша 20%, қазақстан бойынша 60% экспортқа шығарып, шаруашылық дәрежесін жоғарлатып,  еліміздің алтын қорына қомақты үлес қосқан.

Ұйқасбай ата - қоғамның әр саласында жауапты қызмет атқарып ел сенімін ақтаған еңбек ардагері. Зейнеткерлікке шыққан соң да қоғамдық жұмыстан қол үзбей,  жүзге жақындаған шағында да  қазыналы қалпын сақтап, ел-жұртына, ағайын-туысқа ақылман абыз  болды. Сондықтан да бұрынғы Күрті ауданының және өзі ірге тасын қалаған Балқаш аудандарының Құрметті азаматы, сонымен қатар, отан соғыс ардагері деген бірнеше медальдар және ордендермен марапатталған.

Балалары: 8 ұл-қыз өсірген

Немерелері: 25

Шөберелері: 18

Автор страницы солдата

Страницу солдата ведёт:
История солдата внесена в регионы: