Коппергенов Шаяхмет Каирович
Коппергенов
Шаяхмет
Каирович
младший сержант

История солдата

Ел басына күн туған кезде, ер етігімен су кешіп, ат ауыздықпен су ішкен қиын заманда, елі, жері үшін аянбай, Отанымыздың абыройын, бостандығын  қорғау үшін  аттанғандардың арасында менің атам   Коппергенов Шаяхмет Қайырұлы да бар еді.  Атам 1922 жылы Щучье ауданында туған. 1940 жылы Щучьеде әскерге алынып, соғысқа аттанған. Соғыс басталғанда Коппергенов Шаяхмет атам небары 18 жаста еді.  «Боздақтар» журналындағы  деректерде ол кісі 1941 жылы майданда қаза тапты. Венгрияда жерленген  дейді, ал Ресей Федерациясының қорғаныс министрлігінің «Мемориал» орталық мұрағатынан алынған мәліметтерге сүйенсем, соңғы қызмет орны 11 гвардиялық кавалериялық дивизия, әскери шені гв. кіші сержант және қайтқан жері 1945 жылы 3 сәуірде Венгрияда Керкайклот селосындағы Гайруш шаруасының усадьбасында делінген. Бүгінгі бейбіт елде өсіп-жетіліп, қанаты қатайған өскелең  ұрпақ үшін ардагер аталарымыз үлгі өнеге. Оқ пен Оттың арасынан оралғандар мен майдан шебінде ерлікпен қаза тапқандар және сол майдан үшін деген бір ғана ұранмен еңбек еткендердің өшпес ерліктері, Ұлы Отан соғысы жайлы түсініктерім кеңейіп, Жеңістің оңайлықпен келмегеніне көзім жетті. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 70  жыл толып отыр. Тұтастай бір ғұмыр бұл күндері соғыс қияметінен тірі оралған жерлестеріміздің де қатары сиреп барады. Отан үшін кеудесін отқа тосқан олардың ісі теңдесіз ерлік, отаншылдық  рухтың  ерен үлгісі. Иә, аспанымызда Жеңіс туын желбірегеніне 70 жыл. Соғыс өрті өшіп, қайғы мұңнан арылып, бейбітшілік орнап, бақыт гүлін тергенге 70жыл.  Атамның  майдандағы ерліктеріне тағзым ете отырып, әр істе шыншыл, батыл болсам, қазақ халқының нағыз  жанашыр азаматы болып өсемін. Аталарымыздың ерлігіне бас иемін!     Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев: «Өткен тарихымызға тағзым да, бүгінгі бақытымызға мақтаныш та, гүлденген келешекке сенім де  «Мәңгілік Ел» деген  құдіретті  ұғымға  сыйып  тұр. Отанды  сүю – бабалардан  мирас болған  ұлы  мұраны  қадірлеу, оны  көздің  қарашығындай сақтау, өз үлесіңді қосып, дамыту және кейінгі ұрпаққа аманат етіп,  табыстау» деген. Қасық қаны қалғанша жаумен жан аямай шайқасқан аталарымыздың ерліктерін ешқашан да ұмытпауға тиіспіз.                                                                                                                      Сан мыңдаған батыр аталарымыз «Елдің мұраты - ерлік» деп, осы ерлік жолында құрбан болды.  Сол Ұлы Отан соғысының салған жарасы әлі күнге дейін  әрбір  ұлттың  жүрегінде  сақтаулы.  Бұл жеңіске біз батырларымыздың  арқасында  жеттік. Сондықтан  да,  біз оларды құрметтеп, қадірлеп, мақтан тұтуымыз керек. Біздің жеңісіміз – бұл таза жеңіс, біздің тарихымыз және біздің қазіргі күшіміз. Осы жарқын өмірді сыйлаған аталарымыздың ерлігі бізге мәңгі үлгі.

 

 

Регион Республика Казахстан
Воинское звание младший сержант
Населенный пункт: Щучинск

Автор страницы солдата

Страницу солдата ведёт:
История солдата внесена в регионы: