Темирбай
ПОДЕЛИТЬСЯ СТРАНИЦЕЙ
История солдата
Дүйсенов Темірбай 1904 жылы мамыр айының 15-ші жұлдызында Кызылорда обласа, Сырдария ауданы, Бесарық бөлімшесінде дүниеге келген. Алғашқы білімін Ликбезден алып сауатын ашқан. Кейін 1932-1933 жылдары жаңадан ашылған КазГу оқу орнының физика-математика бөлімінде оқып, мұғалімдік білім алған. 1941 жылы өз еркімен әскерге сұранып аттанған. Соғыс кездерінде барлаушы-байланысшы қызметтерін Қырым, Киев, Харков, Польша да атқарып, жеңісті Шығыс-Пруссия жерінде қарсыалған. Елге 1946 жылы соғыс зардабы бірнеше жарақаттармен оралған. Дүйсенов Темірбай көптеген марапатқа ие болған. Атап айтқанда, И.В.Сталинның алғыс хаты, "Екінші дәрежелі Соғыс ардагері" орденімен, "Сталинград қелесын қорғауда", "Германияға жеңіліс жеткені үшын" медальмен, т.б.
Дүйсенов Темірбай елге оралғаннан кейін сол кездегі Абай мектебінде физика, математикадан сабақ берген. Көп жылдары Темір жол мекемесінде кезекші болып қызмет атқарған. Кейін денсаулығына байланысты Водстрой Тресінің "КМТС" мекемесінде қоймашы болып, осы мекемеде 1967 жылы "Еңбек ардагері" медальмен марапатталып, зейнеткерлікке шықты. 1988 жылы қыркүйек айының 23-жұлдызында 85 жасында Дүйсенов Темірбай дүниеден озды.
Боевой путь
Крым, Киев, Харьков, Польша, Восточная Пруссия