Дүйсенбиев Бәкібай
Дүйсенбиев
Бәкібай
ефрейтор

История солдата

          Дүйсенбиев Бәкібай  1922 жылы Қызылорда облысы, Сырдария ауданына қарасты қазіргі Абай совхозында кедей шаруа отбасында дүниеге келген.

1932-33 оқу жылынан бастап, 1934-35 оқу жылында Қырғызстанның Қызылқия деген жеріндегі  7 жылдық  мектептің 3-ші сыныбын бітірді. 1935-36 оқу жылынан бастап,1939-40 оқу жылында Қызылорда қаласындағы  1-Май  орта мектебінің  9-шы сыныбында оқыды.  1940-41 оқу жылында Қызылорда облыстық  оқу бөлімінің жанынан ашылған 10 айлық орталау мектептерге мұғалімдер дайындайтын педкурстың «биология-химия» бөлімінде оқып, оны бітіріп шықты. Педкурсты бітіргесін 1941 жылдың 15 тамыз айынан бастап Жалағаш ауданындағы 7 жылдық «Таң» орталау мектебіне «биология-химия» пәнінен мұғалім етіп жіберген. Бұл мектепте 1941 жылдың  1 қыркүйегінен бастап 1942 жылдың 20 қаңтар айына дейін мұғалім болып қызмет атқарған. 1942 жылы 22 қаңтар күні Совет Армиясы қатарына қабылданады. 1942 жылдың 3- қыркүйек күні кешкісін Астраханнан Волга өзенінен өтіп, Қалмақтың Қалқұта деген жеріне 90 км жаяу жол жүріп жетеді. №152-ші атқыштар полкінің зеңбірек байланысшысы болып жүріп, 1943 жылдың 28 мамыр айында Ростовты азат етудегі көше соғысында екі аяғынан жарақат алады. 1943 жылы 23 желтоқсанда  Ұлы Отан соғысының 2-топтағы екі аяғы жоқ мүгедек болып елге оралды. Отан соғысының бірнеше медальдарымен марапатталады. Ефрейтор деген атақ алған. Денсаулығының нашарлығына байланысты 1944 жылдан 1947 жылға дейін жұмыс жасай алмайды. 1949 жылы Қызылорда қаласындағы педучилищеге сырттай оқуға түсіп, 1950 жылы бітіріп шығады. 1948-49 және 1949-50 оқу жылдарында Сырдария ауданына қарасты «Қызылорақ» бастауыш мектебінде, 1950-51 оқу жылында «Телікөл» бастауыш мектебінде мұғалім болып қызмет атқарды. Педучилищені бітіргеннен кейін 1951 жылы Қызылорда қаласындағы Н.В.Гоголь атындағы пединституттың жаратылыстану бөліміне оқуға түсіп, 3 –курсына дейін оқып, денсаулығы жарамай пединститутты бітіре алмайды. 1951-52 оқу жылынан бастап 1956-57 оқу жылына дейін Н.К.Крупская бастауыш мектебінде мұғалім болып жұмыс жасаған. 1957-58 оқу жылынан бастап 1969-70 оқу жылында  Сырдария ауданының №44 Октябрь орта мектебінде бастауыш мұғалімі болып жұмыс жасаған. 1970 жылдан бастап №144 В.И.Ленин атындағы орта мектебінің бастауыш сыныбында мұғалім болған. 

Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі, майдангер Дүйсенбиев Бәкібай Исабайұлы  1991 жылдың 19 маусым күні дүниеден өтті.

1966 жылы «Қазақ ССР Халық ағарту ісінің озық қызметкері» деген белгісімен марапатталған.

1967 жылы «Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген мектеп мұғалімі» деген құрметті атаққа ие болған.

1977 жылы «Ветеран Труда» медальмен марапатталған.

Регион Республика Казахстан
Воинское звание ефрейтор
Населенный пункт: Кызылорда

Фотографии

Автор страницы солдата

Страницу солдата ведёт:
История солдата внесена в регионы: