Бипауов Байзен
Бипауов
Байзен
1923 - 1990

История солдата

«Ұлы Отан соғысы біздің халқымыздың, аға буын өкілдерінің, әкелеріміз бен аналарымыздың биік рухын, ерлігі мен қаһармандығын күллі әлемге танытқан қасиетті соғыс болса, Ұлы Жеңіс мерекесі - аға ұрпақтың сол улы ерлігі мәңгілік ел жадында сақтауға арналған ең қастерлі мереке... ... Біз есімдері тарих бетінен кетпейтін аға буын алдында өлшеусіз қарыздармыз. Ұлы Жеңіс мерекесі қарсаңында біз Отан соғысының оқ бораған даласында ерлік көрсеткендерге бас иіп, тағзым етеміз... »

Н. Назарбаев 

Осы Президентіміздің Ұлы Жеңістің 60 жылдығына арналған салтанатты жиналыста сөйлеген сөзінен үзінді келтіріп, ауылымыздың қадірлі азаматы болған, қарапайым еңбекқор адамы, Ұлы Отан соғысының ардагері Бипауов Байзен атамыздың жауынгерлік және еңбек жолдарын айтып кеткім келді. Біздің кітапханада әрқашанда осы ауылымыздың атақты адамдары, қарапайым еңбек ардагерлері, Ұлы Отан соғысының ардагерлері туралы мағлұматтар, деректер болса жинақтап халыққа, оқырмандарға ұсынып, осы кісілердің еңбек, ерлік жолдарын үлгі етіп өсіп келе жатқан жас ұрпаққа жеткізіп отыруға тырысамыз. Сонымен, Бипауов Байзен 1923 жылы Павлодар облысында дүниеге келген. 6 жасында ата - анасы қарақшылар қолынан қаза табады да, жетім қалады. Осындай себептермен жақын туысы Нұрбекова Қырмызы деген кісі Нұра ауданының Құмкөл елді мекеніне алып келіп тәрбиелеген. Жастайынан елгезек, алғыр болып өсіп, мектепті бітіргеннен кейін қалаға мұғалімдер дайындайтын училищеге түседі. Оқуды бітіргеннен кейін 1940 жылы әскеру міндетін атқаруға шақырылады. Хабаровск қаласында әскери міндетін атқарып жүргенде соғыс басталады. Ол жерде дайындықта жүрген сауатсыз жа- уынгерлерді оқытып, жазуға үйретеді. 1942 жылы Сталинградты қорғауға жібереді. Сталинградқа кіре берісте олардың келе жатқан поездары жау самолеттерінің соққысына ұшырайды. Машинист қаза тауып, әрбір вагоннан 5-6 адам ғана тірі қалады. Тірі қалған жауынгерлер жата қалып атыса бастайды. Осы ұрыста жауырынынан жарақат алып біраз уақыт госпитальда жатады. Госпитальдан шыққаннан кейін бірінші Украин майданына жібереді, одан кейін II Беларусь майданына қатысады. 1945 - 1948 жылдары Берлинді қалпына келтіруге қатысады. Сол жерде саяси жетекші (политрук) болып үгіт - насихат жұмыстарын жүргізген. 1948 жылы елге оралғаннан кейін мұғалімдік қызметін жалғастырған, ауылдық советтің председателі, Құмкөлде мектеп директоры болған. Одан кейін ұстаздық қызметін Қазақ орта мектебінде зейнеткерлікке шыққанға дейін жалғастырған. Ұстаздық өтілі 40 жылдан астам. Ұстаздық қызметін жалғастыра жүріп Қызыл - Тал ауылдық советіне депутат болған. Ұлы Отан соғысындағы ерен ерлігі үшін “Қызыл Жұлдыз” орденімен, кейіннен II дәрежелі Ұлы Отан соғысының орденімен марапатталған. 1946 жылы «Германияны жеңгені үшін», «Майдандағы жауынгерлік еңбегі үшін» (За боевые заслуги), 1957 жылы «Тың жерлерді игергені үшін» медалімен 1980 және 1983 жылдары «Еңбек ардагері» медальдарымен, Құрмет грамоталарымен марапатталған. Жолдасы Мария апай (ол кісі де Тың ардагері) екеуі төрт бала тәрбиелеп өсіріп, барлығына жоғары білім әперді. Өкінішке орай Байзен ата соғыста алған жарақаттарының зардабынан 1990 жылы өмірден өтіп кетті.

 

Регион Республика Казахстан
Населенный пункт: Караганды
Годы службы 1940-1945
Дата рождения 1923
Дата смерти 1990

Фотографии

Автор страницы солдата

Страницу солдата ведёт:
История солдата внесена в регионы: