Баялимов Аймағамбет Баялимұлы
Баялимов
Аймағамбет
Баялимұлы
рядовой

История солдата

Атам Баялимов Аймағамбет Баялимұлы 1900 жылы Кызылорда қаласында туылған. 1929 жылы Сырдария ауданына қарасты шаруашылықтарда жұмыс жасай бастады. Колхоз құрылысына белсенді атсалысты.Сонау 1941 жылы Мәскеудегі көрмеге қатысып қайтқан еді. Аймағамбет атамыз 1942 Отан алдындағы борышын өтемекке әскерге аттанады. "Атты әскерде" болып, қиын-қыстау заманда елін қорғайды.Сонау сұрапыл майдан жылдарындағы, жантүршігерлік жауыздықтарды көзімен көрген, Сталинград, Тамбов түбіндегі, Дон бойындағы ұрыстарға қатысты. 1943 жылы ақпан айында Украина жерінде соғысқа қатысты.  Соғысты Румыния жерінде аяқтады.1945 жылы наурыз айында елге оралды. «Отан соғысы», «Қызыл жұлдыз» ордендері мен жауынгерлік медальдары бар. Менің атам елге аман-есен оралған соң Сырдария аудандық жол құрылысы бөлімінде жұмыс істеді. Астық өнімдері облыстық басқармасының қосалқы шаруашылығының директоры болды. Атамыздың қатысуымен шаруашылық көлемінде бірнеше құрылыстар салынды. Ол шаруашлық әлі күнге дейін көпшілікке қызмет көрсетіп келеді.

Регион Республика Казахстан
Воинское звание рядовой
Населенный пункт: Кызылорда

Боевой путь

Сонау 1941 жылы Мәскеудегі көрмеге қатысып қайтқан еді. Аймағамбет атамыз 1942 Отан алдындағы борышын өтемекке әскерге аттанады. "Атты әскерде" болып, қиын-қыстау заманда елін қорғайды.Сонау сұрапыл майдан жылдарындағы, жантүршігерлік жауыздықтарды көзімен көрген, Сталинград, Тамбов түбіндегі, Дон бойындағы ұрыстарға қатысты. 1943 жылы ақпан айында Украина жерінде соғысқа қатысты.  Соғысты Румыния жерінде аяқтады.1945 жылы наурыз айында елге оралды. «Отан соғысы», «Қызыл жұлдыз» ордендері мен жауынгерлік медальдары бар.

Воспоминания

балалары, немерелері, шөберелері, шөпшектері

Атамыздың ақжарқын мінезі, үлкенді де, кішіні де ізетпен сыйлайтыны, жастарға ақылшы-ұстаздығын мақтан ететінбіз. Төрт ұлын, екі қызын,он төрт немересін,жиырма шөбересін өсірді. Соғыс және еңбек ардагері ретінде әрқилы істерге араласқыш еді. Ағайын-туысқа, жолдас-жораға қадірменді, сыйлы болатын. Оның беделі, адамгершілік асыл қасиеттері біздің көз алдымыздан кетпейді. Атам 1993 жылы 26 қаңтарда 93-ке қараған шағында алдымыздағы ақылшымыз,асқар таудай Әкеміз, қамқоршы атамыз Баялимұлы Аймағамбет дүние салды.

Награды

Орден за отвагу

Орден за отвагу

Медаль За Победу над Германией

Медаль За Победу над Германией

Орден за отвагу

Орден за отвагу

Медаль за отвагу

Медаль за отвагу

Документы

other-soldiers-files/20150423_003956.jpg

other-soldiers-files/20150423_003956.jpg

Фотографии

Автор страницы солдата

Страницу солдата ведёт:
История солдата внесена в регионы: