Каким
Балтабаевич
ПОДЕЛИТЬСЯ СТРАНИЦЕЙ
История солдата
Балтабайұлы Кәкім атамыз Ұлы Отан соғысының ардагері, гв аға сержант. 1913 жылы Еңбек ауылында дүниеге келген, 1941 жылы, 28 жасында соғысқа шақырылады. Әкесі Балтабай (молда болған, салмақты, ақылды адам болған), анасы Көпей екеуі атамды, қан майданда жүргенде аман болсын, аман есен қайтып оралсын деп, құран дұғаларын жазып тұмар жасап беріп, шығарып салған екен. атамның дұғасы қабыл болып, төрт жыл сұрапыл қан майданға ерлікпен қатысып, 1945 жылы Берлинді басып алған жауынгерлердің бірі болды. Шайқаста батырлық пен жігерлік көрсеткені үшін "Ерлігі үшін" орденімен марапатталады.
⠀
Соғыстан оралған соң, совхоз директоры болып қызмет етеді. Жұбайы Мағжанмен отау құрып ұлды болады. Ол ұл біздің әкеміз, Өтеулі.Әкем 1 айлық болғанда, сұрапыл соғыстың зардабы денсаулығына әсер етіп атамыз 1949 жылы, 36 жасында дүниеден озады.
⠀
Кәкім атамызды көп адамдар салмақты, ақылды, адамгершілігі мол, қайырымды жан, өлең жазған деп еске алады.
⠀
Қазіргі таңда атамыздың 7 немересі мен 19 шөбересі бар. Атамның немересі болғанымыз үшін мақтанамыз! Және біздің балаларымыз, немерелеріміз, шөберелеріміз атамызды әрқашан естерінде сақтаса екен дейміз.
⠀
Біздің әр бір арайлап атқан таңымыз сіздің ерлігіңіздің, сіздің елім, ұрпағым деп соққан жүрегіңіздің, сіздің болашаққа деген үмітіңіздің нәтижесі. Біз сіздің жалғасыңызбыз. Енді сіздің жүрегіңіз мың жүрек болып соғып тұр! ❤️❤️❤️❤️❤️❤️❤️
Боевой путь
атамыз өмірден ерте озды. Әкеміз үш ақ айлық болған. өкінішке орай ерлік жолы белгісіз
Воспоминания
Кәкім атам туралы естелік
Балтабайұлы Кәкім атамыз Ұлы Отан соғысының ардагері, гв аға сержант. 1913 жылы Еңбек ауылында дүниеге келген. Әкесі Балтабай, молда, ақылды, салмақты, өз ортасында силы болған адам. Мықты етікші болған, ауылымыздың адамдары (әжелер) айтып жүреді. Анасы Көпей, қайсар мінезді, батыр ана болған. Кәкім атамның Гүлзипа, Қабиден, Гүлсім деген бауырлары болған. 1941 жылы, тез арада призыв болып, екі күн ішіпде майданға алып кетеді атамызды. Ата -анасы баласына батасын беріп, тұмарын тағып, шығарып салады. Ал кіші ұлы Қабиденмен қоштасуға үлгермейді өкінішке орай. Төрт жыл сұрапыл қан майданға ерлікпен қатысып, 1945 жылы Берлинді басып алған жауынгерлердің бірі болды. Шайқаста батырлық пен жігерлік көрсеткені үшін "Ерлігі үшін" орденімен марапатталады.
⠀
После войны
Соғыстан оралған соң, совхоз директоры болып қызмет етеді. Жұбайы Мағжанмен отау құрып ұлды болады. Бірінші ұлі шетінеп кетеді.Екінші ұлы біздің әкеміз, Өтеулі 1949 жылы 28 ноябрьде дүниеге келеді. Атамыз борышымды өтедім деп, ұлының есімін "Өтеулі" деп қойған екен. өкінішке орай сұрапыл соғыстың зардабы денсаулығына әсер етіп, ұлының қызығын, бейбіт өмірдің рахатын көре алмай, атамыз 1949 жылы, 36 жасында дүниеден озады.
⠀
Кәкім атамызды көп адамдар салмақты, ақылды, адамгершілігі мол, қайырымды жан, өлең жазған деп еске алады. менің студенттік кезімде ауылдағы бір ажей, атамның жас кезінде қыздарға жазған өлеңін оқып берген болатын :-)
⠀
Қазіргі таңда атамыздың 7 немересі мен 19 шөбересі бар. Атамның немересі болғанымыз үшін мақтанамыз! Және біздің балаларымыз, немерелеріміз, шөберелеріміз атамызды әрқашан естерінде сақтаса екен дейміз.