Қайсенов Қасым
Қайсенов
Қасым
Разведчик, писатель, ветеран. Народный Герой Республики Казахстан, Почетный гражданин Украины.

История солдата

Касым Кайсенов - диверсант, участник Великой Отечественной Войны.

Родился 23 апреля 1918 года в поселке Асу-Булак Уланского района Восточно-Казахстанской области.

Участвовал в диверсионных операциях в тылу врага на территории Украины, Молдавии, Румынии, Карпатах.

Касым Кайсенов награжден орденами “Богдана Хмельницкого” II степени, двумя орденами Отечественной войны I и II степени, “Партизан Чехословакии”, двумя медалями “Партизану Отечественной войны” I степени и еще пятнадцатью другими медалями Советского Союза, трижды Почетной Грамотой Верховного Совета Казахской ССР, Почетной Грамотой Верховного Совета Украинской ССР, орден «За заслуги» II и III степени. Ему присвоено звание Народного героя Казахстана (Халык Кахарманы), орден «Отан», присуждена премия Союза писателей Казахстана им. Б. Момышулы, лауреат Международной премии имени А. Фадеева.

 

Регион Республика Казахстан
Воинское звание Разведчик, писатель, ветеран. Народный Герой Республики Казахстан, Почетный гражданин Украины.
Населенный пункт: Казахстан

Боевой путь

По окончании в ноябре 1941 года школы военной разведки был направлен в штаб Северо-Западного фронта, откуда, получив специальное задание, был заброшен в тыл врага для организации на территории оккупированной Украины партизанского движения. На этой земле Касым Кайсенов командовал отрядом под номером три, носившим имя Чапаева. В дальнейшем, до конца 1944 года, участвовал в партизанских движениях на территориях Молдавии, Чехословакии, Румынии. На Украине Кайсенов организовывал партизанские отряды и одновременно занимался диверсионной работой. Партизан обучали минному, взрывному делу, владению различного вида оружием. Касым Кайсенов от природы был смелым человеком, физически сильным. В то время партизанское снаряжение человека, забрасываемого во вражеский тыл, составляло 80 килограммов - автомат, боеприпасы, связки гранат и так далее. Если прыгал радист, то он нёс на себе громоздкую рацию. Партизан сбрасывали в лесах ночью, под утро. Однажды, когда Касым Кайсенов был в очередной раз заброшен, он приземлился на крыше церкви. Это был купол с крестом наверху. Касым зацепился стропами за крест, получилось, что он как бы распят на этом кресте. Поверхность купола совершенно гладкая. И даже если бы он освободился, то сорвался бы и полетел вниз. Деревня была глухой, в ней не стояли немцы. Касым не мог дотянуться до ножа и висел так до утра. Утром появились старики, идущие к церкви. Партизан начал кричать: “Снимите меня, люди!”. А те, увидев “ожившее” распятие, упали на колени и начали молиться. Люди во время войны становятся более верующими. Они подумали, что это знамение, спасение - от неба, от Бога. Касым Кайсенов долго уговаривал их. Наконец, ему помогли спуститься, поняв, что к ним с небес опустился партизан. Еще был случай, когда Касым отправился на оккупированную немцами территорию - в деревню за продуктами для партизан. Люди собрали огромную корзину со снедью, и Касым направился в лес. По пути проголодался, стал доставать сырые яйца и выпивать их одно за другим. Таким образом корзина на два десятка яиц стала легче! Тем временем на деревню нагрянули немцы. Они узнали, что там побывал партизан, и бросились вдогонку. Им легко было следовать за ним, так как Касым оставлял за собой следы в виде цепочки яичной скорлупы. К счастью, Касым услышал рокот мотоцикла и сумел скрыться. На Украине немцы держали около пяти дивизий, которым противостояла огромная партизанская сила, возглавляемая Ковпаком, равная по организации и численности регулярным войскам. Вермахт нёс на территории Украины огромные потери. И в этом партизанском движении имя

Касыма Кайсенова - Васи - стало известным. Его горячо любили местные жители. Более того, его имя Вася вселяло в людей уверенность, что мир придет. Он всегда оставался живым в самых опасных операциях.

Будучи командиром отряда, участвовал в более ста военных походах и диверсиях. По окончании войны К. Кайсенов возвратился в Казахстан и работал ответственным работником в Аппарате Президиума Верховного Совета Казахской ССР. В качестве заместителя председателя райисполкома Жуалинского и Свердловского района Жамбылской области активно участвовал в восстановлении послевоенного народного хозяйства. С 1951 по 1954 год учился в отделе переводчиков двухгодичной партийной школы при ЦК Коммунистической партии Казахстана. С 1953 по 1972 год работал заместителем директора издательства «Жазушы», директором бюро пропаганды художественной литературы при Союзе писателей Казахстана, заместителем директора издательства «Кайнар».

Касым Кайсенов — автор многочисленных произведений, в которых правдиво описывал самые трудные периоды Великой Отечественной войны, беззаветный героизм простых солдат. Его первая книга «Молодой партизан» увидела свет в 1954 году. После этого были опубликованы книги «Илько Витряк», «Партизаны Переяславля», «В пасти у смерти», «Мальчик в тылу врага», «На Днепре», «В тылу врага», «Партизанские тропы» и многочисленные рассказы, очерки, сборники повестей. Многие произведения автора были переведены на русский, украинский и другие языки. В последнее время писателем были изданы книги «Я верю в будущее своей страны» и «Воспоминания и записки».

              1 ҚАСЫМ ҚАЙСЕНОВТІҢ ӨМІРІ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ

          1.1 Қаламгердің өмір жолы, партизандық шежіресі мен көркем        публицистикасы

 

Ұлтымыздың ұлы келешегі, халқымыздың қайталанбас біртуар даңқты перзенті, халық қаһарманы, партизан жазушысы -  Қасым Қайсенов.  Қазақ халқының қайталанбас дара тұлғасы. Қазақтың қайсар ұлының өмір өткелдері сан қилы. Қасым Қайсенов 1918 жылы 23 сәуірде Шығыс Қазақстан обылысы Ұлан ауданындағы Асубұлақ ауылында дүниеге келген. Туған ауылында орталау мектепті бітірген соң, 1935 жылы Қасым Қайсенов Өскемен қаласындағы Саяси-ағарту техникумына түсіп, оны 1938 жылы бітіреді. Сөйтіп, арнайы орта білім алып, обылыстық Оқу бөлімінде инспектор болып қызмет істейді. Ал 1939 жылдың қысында Әскери мектепке түседі де, оны 1941 жылдың күзінде бітіріп шығады. 1941 жылдың қараша айында Қасым Қайсенов оңтүстік-батыс майдан штабының қарамағына жіберіледі. Сол жерден ол арнайы тапсырмамен гитлершілдер басып алған Украина жеріне, жау тылына аттанады. Жау жайлаған елге ұшақпен келіп түскен сәттен  бастап, Қасым Қайсеновтың партизандық өмірі басталады. Ол Чапаев атындағы партизан құрамасының үшінші отрядын басқарады. Одан кейін 1944 жылдың аяғына дейін Молдавия, Украинаның Закарпатье, Чехословакия, Румыния жеріндегі партизан қозғалыстарына қатысады. Отряд командирі болып жүріп, жау тылында жүздеген жорықты басынан өткерді. 1944 жылы Украинаның Закарпат, Карпатты азат етуге қатысқан. Ол Киев және Полтава обылыстарындағы партизандар қозғалысын алғаш рет ұйымдатырушылардың бірі ретінде тарихта қалды. Партизандардың қалың қолын басқара жүріп, жау тылында жүздеген жорықты басынан өткеріп, фашистерді сан рет тізе бүктірді. Майдан даласында украин жауынгерлері Қасым Қайсеновты бауырларындай көріп, өз аттарымен «Вася» деп атапты.

Қасым Қайсенов бір естелігінде «Украина - менің екінші Отаным. Украиндіктер - мәңгі ұмытылмас бауырларым. Осылай ұлы украин халқын шексіз сүйіп, бауыр басып кеткен адаммын. Әлі де шығатын, жазбақ кітаптарым да сол Украина жеріндегі жойқын айқасқа арналған. Сол үшін де өзімді украин жазушыларының бірімін деп есептеймін. Өзімді украин жазушыларының осындағы елшісіндей сезінемін»,- деген екен.

Осы жөнінде жазушы Ғафу Қайырбековтың айтқан деректеріне назар аударсақ: «...Қасым Қайсеновке келсек – Қасекең батырлығы ерекше, мүлде қазақы батырлық. Олай дейтінім – әлгі партизан соғысы – тура біздің қазақша соғыс, бетпе-бет соғыс, қолма-қол айқас. Бұған жүректің жүрегі шыдайды. Қасым өзінің документтік, құжаттық деректі де көркем хикаяларын жазарында болған оқиғаның орны мен уақытын керемет дәлдікпен суреттейді ғой? Сонау Украинаның қалың ормандарының жыныс түкпірлерін көз алдынан өткізеді. Қасекең бармаған орман, тау-тас, көзі тінтпеген қуыс-құбыр, баспаған батпақ қалмаған болар, фашистерді оқпен ату өзіне басқа нәрсе, ал қол-аяғын тұсап, жатқызып қойып бауыздау – қанша сұмдық көрінгенімен партизанның негізгі әрекет сипаты еді. Өйткені партизандық көбіне жасырын соғыс, онда мылтық дауысын естіртуге болмайды. Жалпы жарылыс, бұзылыс, қирату, бүкіл соғыс жүрісін – транспорт, қару-жарақ қоймасы, қозғалу, қорғану дейсіз бе – бәрінің жоспарын біліп, құртып жіберу, адамдарды қойдай қыру – міне, партизан соғысы осындай нәрсе. Алғашқы айларда жаумен бетпе-бет келгендер – осы партизандар, жау тылында қалғандар. Олардың ішінде жергілікті халықтан басқа қазақтардың көбірек болуында да мән бар. Жау дегенде алдымен шабатын қазекең қолда,  қоршауда қалып қоюы заңды. Одан кейінгі қолайлы соғыс ол үшін, әрине, партизандық соғыс, - деп партизан соғысының күрделілігін түсіндіре отырып, осының тура ішінде жүрген Қ.Қайсеновтің көзсіз ерлігін мадақтайды [1, 74 б.].

Қан майданда етігімен су кешкен Қасым Қайсеновке бейбіт өмірге бейімделу оңайға түскен жоқ. Осы ретте ағалық ақылын, қамқорлығын көрсеткен Жұмағали Саин болды. Қасым Қайсенов Сәбит Мұханов, Бауыржан Момышұлы, Рақымжан Қошқарбаев, Мұқан Иманжанов, Мәлік Ғабдулин, Әди Шәріпов, Ғабит Мүсірепов, Қасым Аманжолов сынды қазақ зиялыларымен жақсы қарым-қатынаста болған. Соның ішінде Қасым Аманжоловпен алғаш танысқандығы жөнінде өз естеліктерінде былай деп жазған,

«Соғыс аяқталған кез. Алматыда жүрмін. Майданнан оралған ақын жазушыларды Жұмакеңнің ауызынан естіп көруге асығамын. Бір күні оның үйіне барсам, бір адам домбыра шертіп отыр екен. Екеуіне сәлем бердім. Домбыра шертіп отырған кісі домбырасын қабырғаға сүйеп орнынан тұрды. Мен оларға жақындаған кезде:

- Міне, енді танысып қойыңдар, мына кісі Қасым Аманжолов деген ақын ағаң, жуырда майданнан келді,- деді Жұмағали бұрылып. Ортадан төмен бойы бар, шағын денелі, сары адам маған: «бұл кім болды екен?» дегендей қарап тұр. Екі-үш күн бойы сақал-мұртыма ұстара тимепті.

- Мынау да Қасым аттасың, бұл партизан, партизан болғанда мықтының өзі! Украинада мұны «Вася» дейді екен,- деп мені Жұмағали ол кісіге көпірте таныстырды» [2; 21 б.].

Соғыс аяқталысымен Қасым Қайсенов елге оралып, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Президиумы аппаратында жауапты қызметте істеді. Жамбыл облысының Жуалы, Свердлов аудандарында атқару комитеттері төрағаларының орынбасары ретінде соғыстан кейінгі ауыл шаруашылығын қалпына келтіру науқанына белсене араласады. 1953-1970 жылдар аралығында Қазақстан Жазушылар одағында және баспа орындарында («Жазушы», «Қайнар») көркем әдебиетті насихаттау бюросы директоры, редактор, директордың орынбасары қызметтерін атқарды.

Замандас ағалары Бауыржан Момышұлы, Мәлік Ғабдуллин, Баубек Бұлқышев сияқты Қасым Қайсенов те қос қарудың,  найза мен қаламның баһадүр иегері еді. Оның қаламынан Ұлы Отан соғысының қиын-қыстау кезеңдері, жауынгерлердің жанқиярлық ерліктері жайындағы дүниелер шықты. Оқырман жүрегінен ойып тұрып орын алған шығармалары қазақ әдебиетінің әскери тақырыбын байытты. 1954 жылы Қасым ағаның орыс тілінде «Жас партизандар», атты алғашқы кітабы жарық көреді. Одан кейінгі кездерде «Илько Витряк», «Переяслав партизандары», «Ажал аузынан», «Жау тылындағы бала», «Днепрде», «Жау тылында», «Партизан соқпақтары», тағы басқа әңгіме, очерк, повесть жинақтары оқырман қолына тиді. Бұл шығармалары орыс, украин, басқа да көптеген тілдерге аударылған. Кейінгі кездері «Елімнің ертеңіне сенемін», «Естеліктер мен жазбалар», тағы да басқа кітаптары жарық көрді. Шығармашылық өмірінде отыз шақты кітап жазып қалдырды. Ол М.Муратовтың "Ломоносовтың жастық шағы", Николай Томанның "Сабылтқан сағым", Мамед Кулизаде Жәлелдің "Почта жәшігі" кітаптарын аударды. Кітаптары орыс, украин, қырғыз және вьетнам тілдеріне аударылды.

Қасым Қайсеновтің ішкі жан дүниесі, биік рухани келбеті ол кісінің замандастарының, қаламдастарының жазбаларында талай рет айшықталып белең алған. Жазушы Әбіш Кекілбайұлы: «Ол біздің қанды қасаптан оралмай қалған мыңдаған ағаларымыз бен әкелеріміздің ақырғы көзіндей еді. Оған қарап, опат тапқан сол бір ержүрек ұрпақтың келбеті мен қасиетін көргендей болушы едік. Қарағайға қарсы біткен бұтақтай қайсар мінезіне әрі сүйсінуші едік, әрі именуші едік. Сүйсінетініміз: оның бір басына ғана емес, окоп түбінде ойрандалып қалған мыңдаған замандастарының бәріне де тән сол бір қайтпас қайсарлықтың арқасында аман қалып, адыра шаңырақтарды қайтадан қатарға қосу үшін алға тырмысып, азамат болдық. Қаймығатынымыз: ортамызда тірі жүрген оны ренжітсек, опат болған қаһарман ұрпақтың бәрін ренжітетіндей көруші едік. Бірақ, Қасекең тас түйін қайсарлығын сонау Карпат ормандарында қалдырғандай, қайсымызбен де: «Айналайын, амансың ба?» - деп жайма-шуақ амандасатын. Күркірей шыққан жуан дауысы құлағымызға майдай жағушы еді... Ол дүниеден өткенше кешегі күркіреген екінші жиһангерлік соғыстың жауынгері болып қала білді. Украинада жау басып алып, тірідей шерменде болып отырған қауымға Жаратушының өзі аяқ астынан жіберген ақ қанат періштедей көрінген құтқарушылық панагөйлігін Қазақстанға қайта оралған соң қара қағаздардан еңсесі түскен қайғылы қауымның қайта тыңайып, қайта еңсе көтеруі жолындағы қалтқысыз еңбекке арнады. Қанжарын қаламға айырбастап, тым майса кезінде үсік шалып, жапырылып қала жаздаған жетім ұрпақтың жауынгер әкелері мен ағаларының ерлік дастандарын жазды. Ерлік туралы айта отырып, елдік жайында сыр шертті. Ұлттық намысты оятты. Ұрпақтық парызды ескертті. Елжандылық тағылымын көрсетті. Сол үшін де тәуелсіз қазақ мемлекеті қан түкіріп, от кешкен есіл ердің оған дейін бағаланбай келген теңдесі жоқ ерліктерін ең асыл ұлттық құндылығымыз санап, «Халық Қаһарманы» құрметті атағын берді. Бағзы бабасы Қабанбай батырдай даңқ шыңының даусыз дарабозы болып өмір сүрді. Ол өмір біз түгілі бізден кейінгі қазақ ұрпақтарына халық жолында қалтқысыз еңбек етудің қастерлі өнегесі болып қала береді» [3; 6 б,], - деп еске алады.

Ал майдан кешкен жазушы, жауынгер Әзілхан Нұршайықов тағдырлас ағасының бейнесін былайша аша түседі: «Кешегі Ұлы Отан соғысы кезінде әркім әртүрлі бөлімдерде болып, неміс-фашистеріне қарсы күресті. Біреу танкист, біреу ұшқыш, біреу артиллерист болды. Енді біреулер жаяу әскер қатарында жаумен айқасты. Қасым Қайсеновтің үлесіне партизандық тиді. Ол алғашында Чапаев атындағы 8-партизан құрамасында №3 отрядтың командирі болып, Украина жерінде жауға желке жағынан соққы берді. Соғыс кезінде қалыпты әскердегі біздерді ел қару-жарақ, азық-түлікпен қамтамасыз етіп отырды. Ұрыста сиреген қатарымызды да халық толтырды. Елдегі туыстарымыздан, сүйген жар, сүйікті қыздардан үнемі хаттар алып тұрдық. Осының бәрі бізге күш-қуат берді. Ал майданның сырт жағындағы партизандарда мұндай мүмкіндіктердің бірі де болған жоқ. Олар «Ер азығы мен бөрі азығы - жолда» дегендей, ордалы жыланның ортасында, фашистердің қоршауында жүріп, шыбын жанын шүберекке түйіп, өздерін азық-түлікпен, қару-жарақпен қамтамасыз етті. Жау сыртына барып түскен 23 жасар Қасекең осындай күйде жүріп, партизан отрядын ұйымдастырды. Кейін Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың жалынды жігерінің арқасында Баукеңе Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Қазақстан тәуелсіз мемлекет болғаннан кейін Нұрекең өз Жарлығымен Рақымжан Қошқарбаевқа да, Қасым Қайсеновке де «Халық қаһарманы» атағын берді. Қасекең бұл лайықты атақты аса зор тебіреніспен қарсы алған еді.

 Ол өзінің соңғы сағатына дейін тәуелсіз мемлекетінің тынысын жырлаумен өтті. Еліміздегі елеулі оқиғаларға газет арқылы үздіксіз үн қосып отырды. Жеңістерге қуанды, кемістіктерге ренжіді. Бәрін ашық айтып отырды», - дейді қаламгер [4; 44 б.]. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы жауынгерлік ерліктері үшін Қ.Қайсенов І дәрежелі Ұлы отан соғысы орденімен, «Богдан Хмельницкий» орденімен. Осыдан бірнеше жыл бұрын Украина үкіметі оны екінші және үшінші дәрежелі «Ерекше ерлігі үшін» ордендерімен марапаттады. «Отан соғысы», «Чехословакия партизандары», Кеңес одағының көптеген орден, медальдарымен марапатталған. Ол Қазақстан Жазушылар одағының Бауыржан Момышұлы атындағы әдеби сыйлығының лауреаты. Халқымыздың қайталанбас біртуар даңқты перзенті Қасым Қайсенов 2006 жылы 30 желтоқсан күні 89 жасқа қараған шағында ауыр науқастан дүние салды.

Қасым Қайсенов - адамзат тарихында бұрын-соңды болып көрмеген ең жойқын соғыста жауға етегінен шалдыртпай, жағасынан алдыртпай өткен еңіреген ер, басқыншы жаудың қатарын сейілтіп, қаралай қалтыратқан Вася партизан. Қасым Қайсенов - Тәуелсіз Қазақстанның ең алғашқы Халық қаһармандарының бірі. Ұлттың батыры, қазақ халқының қайталанбас қаламгер иесі.

Страницу ведет Ученица Школы-гимназии им. Жамбыла Сасанова Инабат. 

Документы

other-soldiers-files/777_0.png

other-soldiers-files/777_0.png

Фотографии

Автор страницы солдата

Страницу солдата ведёт:
История солдата внесена в регионы: