Аймбетов Машрупбек
Аймбетов
Машрупбек

История солдата

Победа в Великой отечественной войне - она досталась нам через огромные человеческие жертвы, благодаря безграничной любви к родине и друг к другу. Хочу обнародовать письмо моего дорогого дяди – Машрупбека Аймбетулы (Шеге), который участвовал в этой жестокой войне. После войны он посвятил себя просвещению, стал хорошим специалистом. Он был любящим отцом шестерых детей, уважаемым человеком в народе - так вспоминают о нем те, кто был знаком с ним при жизни. Можно сказать, что среди всех писем, полученных во время войны, это письмо самое жизненное. Письмо вдохновило потомков Машруппека взять в руки домбру, написать стихи, положить их на музыку, и сегодня эти песни исполняются в народе. В честь 70-летия Великой Победы, хотим презентовать эту песню в исполнении Ашимбекова Миллионбека широкой публике.

Ұлы отан жеңісі. Бұл жеңіс талай адамның құрбандығының, жанкештілігінің, отанға деген, бауырға деген шексіз сүйіспеншілігі мен құрметінің арқасында келген жеңіс деп ойлаймын. Сол сұрапыл соғысқа қатысқан ұлы нағашым Әйімбетұлы Мәшрүппек  (Шеге)деген кісінің хатын жария еткім келеді. Бұл кісі соғыстан оралған соң да, ағарту ісінің маманы болған. Алты баланың ардақты әкесі де ,ел ағасы да бола білген абзал жан еді ,- деп еске алады көз көргендер.Соғыс кезінде келген хаттардың ішінде мына бір хаттың ғұмыры ұзақ болды деуге болады. Себебі осы хатты негізге ала отырып Мәшрүппек майдангердің ұрпағы осы күнде қара домбыраның сүйемелдеуімен өлең шығарып ел арасында орындап жүрген жайы бар.  Бұл әнді осы кісінің ұрпағы Әшімбеков  Миллионбек деген кісі орындап жүр. Сол кісінің өтініші бойынша Жеңістің 70 жылдығына орай осы бір әнді ел назарына ұсынсақ деген ойымыз бар.


 

Сары арқа сәнді таулы жерім қайда

Қоңырат мысты Балқаш көлім қайда

Балауса орман тоғай байлығы көп

Соларды пайдаланғңан елім қайда

Жанында Сарырқааның қызықпенен

Жастық шақ ой тербеткен күнім қайда

Бүлдірген бал-қарақат сыймай шығар

Сары бел беттегелі шөбі майда

Сарыарқа сәнді таулы жерім қайда

Түлкілі сай- салалы  елім қайда

Осындай сәнді жерде сайран қылып

Әзілмен жеңгеге айтқан назым қайда.

Хат бар ма аман ба екен Ахметім

Азырақ тарқатайын іштін дертін

Үш жылдай арып ашып азап шеккен

Аман-есен жүрме екен бауырласым

Алпыстан қарт басып асқан қайран анам

Асусыз жүрген жерім жолым тарам

Беттерді жасырусыз жолдас жатыр

Шошиды соны көріп денем жаман

Сәлем де Жамбыл колхоз шалдарына

Түлкілі сай-салалы толдарына

Жас бала, жесір айел қалып барады

Солардың қарай жүргін қалдарына

Аман ба Бибісара апатайым

Медетбек,Мәрпіш жеңгей Нағимаға

Қос үрпек жетілмеген қос балапан

Көздерін қырын салсын Розаға

Тоқабай хат жазамын Дидаш,Совет

Опасыз сұм дүниеден қылма үміт

Немістің оборонын бұзу үшін

Отанға бүгін шықтым мен беріп серт!

Қолыма қалам алып хат жазамын

Жазуға тура келді шер қозғалды

Ағайын туған-туыс қош есен бол

Барамын үшінші рет ел қорғауға.....


 


 

Регион Республика Казахстан
Населенный пункт: Караганды

Автор страницы солдата

Страницу солдата ведёт:
История солдата внесена в регионы: