Ауанов Кожахмет
Ауанов
Кожахмет

Старший сержант
1.01.1923 - 16.07.2014

История солдата

Ауанов Кожахмет 1923 жылы Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Жаңарық ұйымдасқан колхозында дүниеге келген.

1936-1942 жылдары Жаңарық орта мектебінде оқыған.

1942 жылы наурыз айында әскерге шақырылып, Алматы қаласында  әскери борышын өтеп жүріп, мамыр айының 10 жұлдызында соғысқа аттанды. Саратов облысы Татишевский ауданына оқу жаттығудан өтіп, сол оқу жаттығуда аға сержант атағы беріліп,  1942 жылы 22 тамызда Сталинград майданында соғысқа түседі. 1942 жылы қыркүйек айында аяғына оқ тиіп, жеңіл жараланып, Камчатка қаласының госпиталында емделген.

1942 жылы госпитальдан шыққаннан кейін соғысқа қайта кіріп, қыркүйек айының 7 жұлдызында сол қолынан ауыр жараланып, Сидорон қаласынан Кемеровский облысы Кемерово қаласында госпитальда жатқан.

1943 жылы наурыз айының 12 жұлдызында Ұлы Отан соғысының                    2 топтағы мүгедектігімен елге қайтарылған. 1943-1944 жылдарында аудандық совет атқару комитетінде нұсқаушы болып жұмысқа орналасып, 1945 жылы коммунистік партияға өткен.

1947-1954 жылдары аудандық тұтынушылар одағы жанындағы мейрамханада директор қызметін атқарған.

1954 жылы Аудандық совет атқару комитетінің Пленум қаулысына сәйкес, Жаңарық колхозының «Қарамал» фермасына басшы етіп жіберген.

1956-1959 жылдары  Жаңарық «Селпо» сауда орнында бухгалтердің көмекшісі болып қызмет атқарған.

1959-1965 жылдары Аудандық тұтынушылар одағында қойма меңгерушісі болып қызмет атқарды.

1965-1971 жылдары Аудандық сауда орны жанындағы Заготконторға қойма меңгерушісі болып жұмыс жасады.

1971-1975 жылдары Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Түгіскен «Массив» каналының қазылуына байланысты «ПМК» мекемелері және арнайы жұмысшыларды азық- түлікпен қамтамасыз ететін «Водстрой» конторы ашылып, аудандық совет атқару комитетінің қаулысымен сол «Водстрой» конторын басқарды.

1975-1988 жылдары Келінтөбе, Түгіскен, Өзгент совхоздарына күріш егу мақсатымен жерлерді өңдеуге Қызылорда облысы Сырдария ауданына қарасты «ПМК» № 29 мекемесіне снабженец-экспедитор мамандығы бойынша абыроймен қызметін атқарған.

1988 жылы осы мекемеден облыстық дәрежедегі зейнеткерлікке шықты.

Қазіргі кезде Қожахмет Ауанов Ұлы Отан соғысының 2 топтағы мүгедегі, сіңірген еңбегі үшін Ұлы Отан соғысының 1 дәрежелі «Жеңіс» және «Қызыл жұлдыз», ордендерімен «Астанаға 10 жыл», Кеңес Одағының бірнеше медалдарымен марапатталған.

2014 жылы 16 шілдеде 92 -ге қараған шағында дүниеден озды.

Регион Республика Казахстан
Воинское звание Старший сержант
Населенный пункт: Кызылорда
Место рождения Республика Казахстан, Кызылординская область, Яны-курганский район
Годы службы 1942
Дата рождения 1.01.1923
Дата смерти 16.07.2014

Боевой путь

Место призыва г. Алматы
Дата призыва 1.01.1942
Завершение боевого пути Кемерово, март 1943 года
Принимал участие Сталинград
Госпитали Кемеровский госпиталь

1942 жылы наурыз айында әскерге шақырылып, Алматы қаласында  әскери борышын өтеп жүріп, мамыр айының 10 жұлдызында соғысқа аттанды. Саратов облысы Татишевский ауданына оқу жаттығудан өтіп, сол оқу жаттығуда аға сержант атағы беріліп,  1942 жылы 22 тамызда Сталинград майданында соғысқа түседі. 1942 жылы қыркүйек айында аяғына оқ тиіп, жеңіл жараланып, Камчатка қаласының госпиталында емделген.

1942 жылы госпитальдан шыққаннан кейін соғысқа қайта кіріп, қыркүйек айының 7 жұлдызында сол қолынан ауыр жараланып, Сидорон қаласынан Кемеровский облысы Кемерово қаласында госпитальда жатқан.

1943 жылы наурыз айының 12 жұлдызында Ұлы Отан соғысының 2 топтағы мүгедектігімен елге қайтарылған.

Воспоминания

Дедушка не любил вспоминать войну. Всегда желал хорошего, чтобы не было Войны, чтобы царил мир и любовь, чтобы дети не плакали.

После войны

1943-1944 жылдарында аудандық совет атқару комитетінде нұсқаушы болып жұмысқа орналасып, 1945 жылы коммунистік партияға өткен.

1947-1954 жылдары аудандық тұтынушылар одағы жанындағы мейрамханада директор қызметін атқарған.

1954 жылы Аудандық совет атқару комитетінің Пленум қаулысына сәйкес, Жаңарық колхозының «Қарамал» фермасына басшы етіп жіберген.

1956-1959 жылдары  Жаңарық «Селпо» сауда орнында бухгалтердің көмекшісі болып қызмет атқарған.

1959-1965 жылдары Аудандық тұтынушылар одағында қойма меңгерушісі болып қызмет атқарды.

1965-1971 жылдары Аудандық сауда орны жанындағы Заготконторға қойма меңгерушісі болып жұмыс жасады.

1971-1975 жылдары Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Түгіскен «Массив» каналының қазылуына байланысты «ПМК» мекемелері және арнайы жұмысшыларды азық- түлікпен қамтамасыз ететін «Водстрой» конторы ашылып, аудандық совет атқару комитетінің қаулысымен сол «Водстрой» конторын басқарды.

1975-1988 жылдары Келінтөбе, Түгіскен, Өзгент совхоздарына күріш егу мақсатымен жерлерді өңдеуге Қызылорда облысы Сырдария ауданына қарасты «ПМК» № 29 мекемесіне снабженец-экспедитор мамандығы бойынша абыроймен қызметін атқарған.

1988 жылы осы мекемеден облыстық дәрежедегі зейнеткерлікке шықты.

Қожахмет Ауанов Ұлы Отан соғысының 2 топтағы мүгедегі, сіңірген еңбегі үшін Ұлы Отан соғысының 1 дәрежелі «Жеңіс» және «Қызыл жұлдыз», ордендерімен «Астанаға 10 жыл», Кеңес Одағының бірнеше медалдарымен марапатталған.

Автор страницы солдата

Страницу солдата ведёт:
История солдата внесена в регионы: