Кадиров Ерали
Кадиров
Ерали
Сержант

История солдата

Менің атам Кадиров Ералы 1910 жылы Сырдария ауданында туылған.1941 жылы соғысқа аттанып , 1944 жылы елге аман-есен оралған.Отбасылы болып бейбіт өмірде тоғыз перзентті болған. Қазіргі таңда атамның 38 немере, 50 шөбересі өсіп келеді. Сол Отан үшін болған соғыста атам жасаған ерліктерін, еңбектерін мен жастайымнан естіп өстім. Мен атамда мақтан тұтамын. Мен тыңдаған әңгімеден үзінді айтсам деймін : " Бір күні соғыс аяқталып қалған кезде офицерін ( ұлты орыс) жүк машинасымен алып келе жатады, жол ұзақтығынан дем алып тамақтанбақ болып көліктен түсіп , таяу жердегі ағаш көлеңкесіне тамақтануға бар жатады. Алда командирі ілгері жүріп келеді кенет мина жарылып атам есінен танап қалады. Қанша уақыт өткенін білмейді есін жинаса көзі ештеңені көрмей қалған екен, әрі -беріден соң бір көзінен жарық саңылауын байқағанын сезеді. Бір көздің аман қалғанына қуанады." Әскери дәрігерлердің арқасында емделіп ешкім байқамайтын шыны көзбен өмірден өткенше жүргенін әкелеріміз айтып отырады.

Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерекесі қарсаңында атам 105 жасқа толар еді. Соғыстан алған жаралары себебінен 1979 жылы 69 жасында қайтыс болды. Біз атам алған орден , медальдарымен мақтанамыз . 18 апрель 1947 жылы (От имени Президума Верховного Совета СССР медаль вручена  "За доблестный труд в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг" деп жазылған медаль мен куәлікті (АА № 408485) сақтап, қарай отырып үлкен ерлік пен еңбектің жемістері осы тыныш өмірдегі біздерге сыйлаған  бейбітшілік деп білемін. 

Регион Республика Казахстан
Воинское звание Сержант
Населенный пункт: Кызылорда

Автор страницы солдата

Страницу солдата ведёт:
История солдата внесена в регионы: