Жолмаханов Орынбай Жолмаханұлы
Жолмаханов
Орынбай
Жолмаханұлы
ефрейтор

История солдата

1925 жылы 22 сәуірде Сырдария  ауданы   «Кооператор»   колхозында туған. 1942 жылы желтоқсан айында соғысқа алынып,1943 жылы ақпан айында Украина жерінде соғысқа қатысты.  Соғысты Румыния жерінде аяқтады. Екі рет контузия алған. 1948 жылы наурыз айында елге оралды. «Отан соғысы», «Қызыл жұлдыз» ордендері мен жауынгерлік медальдары бар.

Менің атам соғыс жылдарынан кейін еңбек жолын 1948 жылдан бастап «III бесжылдық» артельнде ,содан кейін Ленинградтық  зерттеу экспедициясының құрамында «Плотинастрой» құрылысын  салуда бұрғылау мастері болып қызмет атқарған.

1952 жылдан Тасбөгет автобазасында механик қызметінен бастап,автоколонна басшысына дейін көтеріліп 25 жыл қызмет етті.Зейнетке шыққанға дейін «Риссовхозстрой» тресінің №2 автобазасында завгар болып еңбек етті.Атам зейнетке шыққанға дейін 50 жыл қызмет атқарып 2003 жылдың сәуір айында дүниеден өтті.

Регион Республика Казахстан
Воинское звание ефрейтор
Населенный пункт: Кызылорда

Автор страницы солдата

Страницу солдата ведёт:
История солдата внесена в регионы: