Рахметкалиев Шайкы
Рахметкалиев
Шайкы

08.1920 - 02.1974

История солдата

         Менің әкем - Рахметқалиев Нұршайық (қысқартылған аты Шайқы), ШҚО, Ұлан ауданы, Жоғарғы Тайынты ауылының тұрғыны 1941 жылы ҰОС басталғанда 21 жастағы әскери борышын өтеп жүрген жас жігіт еді. Ары қарай соғысқа алып кетті. 1941 жылдың 6 тамызында минаның жарылысынан ауыр жарақат алды: бет-аузынан, оң қолы, екі аяғынан. Ұрыс біткен соң санитарлар жаралыларды жинап жүріп, бетінің орнында қып-қызыл езбе, қол-аяқтарының сау тамтығы жоқ әкемізді көріп, "бұл адам болмайды", деп кете бара жатқанда, әкеміз барлық күшін жинап, ыңырсып "мен тірімін" дегенді білдіріп, соларға қарай ұмтылыпты.
        Содан 1 жыл бойы Горький қаласында госпитальда емделіп, ауылға ҰОС 2 топтағы мүгедегі болып оралды.
Біздің жарық көреріміз бар, әкемізден ұрпақ қалды: анамыз 11 құрсақ көтерген, құдайға шүкір алтауымыз бармыз.
Әкеміз совхозда ат жаратып, учетчик болып еңбек еткен, 1974 жылы ауырудан қайтыс болды, небәрі 54 жасында. Өмірде ол кісі өте дана, ойы жүйрік, есеп-қисапты ойша шығара салатын, өмірге деген сүйіспеншілігі керемет жан болған. Бізге өмір сыйлағаны үшін алғысымыз шексіз. Жатқан жерің жайлы болсын, әкешім! Сен әрқашан біздің жадымыздасың!
        Бізге бейбіт өмір сыйлаған ата-бабаларымызды ешқашан ұмытпаймыз, жасаған ерліктеріне басымызды иеміз. Барды жоқ қылатын, тауды жер қылатын зұлым соғыс болмасын ешқашан!

Регион Республика Казахстан
Населенный пункт: Усть-Каменогорск
Место рождения село Верхние Таинты
Дата рождения 08.1920
Дата смерти 02.1974

Документы

Автор страницы солдата

Страницу солдата ведёт:
История солдата внесена в регионы: