Нығметжан Сүйіндікұлы Жолымбетов
Нығметжан
Сүйіндікұлы
Жолымбетов
пулеметчик

История солдата

Нығметжан Сүйіндікұлы Жолымбетов-қазақтың  батыры, жеңіске көп үлес қосқан жауынгерлердің бірі. Баянбай ауылында оны Нықаң деген. Ұлы Отан соғысы және еңбек ардагері, ІІІ-топтағы мүгедек. Кеудесінде «Отан соғысы» ордені, бес-алты медальдары болған.

Үш жасқа келгенде әке-шешесінен айырылып, әкесінің інісімен бірге тұрып өсті. Бір сыныптық латынша білім алды. Ол кезде тұрмыс өте ауыр, елдің жағдайы қиын еді. Нығметжан атамыз жастайынан ауыр еңбекке жегілді. Туған жері Көпей (қазіргі Савинка) ауылында тракторшы, кейін бригадирдің көмекщісі болып істеді. Кейін Зеренді ауданына көшіп келеді. Осында жүргенде Ұлы Отан соғысы басталады... 

Регион Республика Казахстан
Воинское звание пулеметчик
Населенный пункт: Щучинск

Боевой путь

Әскерге алғаш аттанғандардың қатарында Нығметжан атамыз да болған. Шығыста болып, әскери дайындықтан өтті. Содан кейін Мәскеу түбінде темір жол салуға қатысып, неміс фашисттерін бетпе – бет ұрысқа алғаш рет Великие Луки түбінде кірісті. Немісттермен шайқасып, Қара теңізге дейін жетті. Ржевск қаласын азат етуге  үлес қосты. Нығметжан атамыз пулеметші болды, ал пулеметтің оқтары қанша жауды қырғанын бір Алла ғана біледі. Қан майданының ортасында жүрген Нығметжан Сүйіндікұлы Кенсиберг қаласында ауыр жараланып, әскери госпитальға жеткізілді. Онда екі ай емделіп, қайта майданға аттанды.

1943 жылы екінші рет ауыр жарақаттанды. Бұл жолы алты ай бойы госпитальда емделген. Оқ тиіп, сүйектеріне зақым келген атамның оң қолы  мүлдем қозғалмай қалды. Қолын кесіп тастауға келісім бермеді. Қатып қалған саусақтарының арасына таяқшаларды салып, бірте-бірте қозғалысқа келтірді. Ерлігі мен қайраттылығының арқысында шалғы ұстап, шөп щауып, мал күтіп, жазыла бастады. Жамантұздағы астық қоймасында, Баянбайдың егіс жұмыстарында жұмыс істеді.  1954 жылы тың игеруге қатысып, тер төкті. Кейіннен 19-разъезде темір жол бақылаушысы болып жұмыс істеп, 55 жасында мүгедектігіне байланысты зейнеткерлікке шықты. Атам ерлігі үшін көп мақтау қағаздарына  ие болды. Ол сияқты адамдар қазіргі кезде өте аз...

Өмірлік зайыбы, Нығметжан Сүйіндікұлының жары 1962 жылы дүниеден озды. Артында кіп-кішкентай  қызыдары қалды. Райхан, Раиса, Сара, Жанна – төрт бірдей қызды асыру өте қиын болды. Сол себептен ол Қымызнай ауылынан Ғайни Мусинаға үйленді. Ғайни – бұрынғы атақты байдың қызы, текті, қасиетті тұқымнан. Ол қыздарды ренжітпей, туған қыздарындай асырып, қамқор болып, өсіріп, оларға жақсы тәрбие берді.

Нығметжан қарияға серік болған, қыздарын өсіруге көмектескен, оларға аналық махаббатын көрсеткен Ғайни әжеміз де 1994 жылы қатты сырқаттанып, қайтыс болды. Бұл жағдай атамыз үшін өте ауыр болды... Сол жылдан бастап ата қызы Жаннаның қолында болды.

Денсаулығы мықты болғанымен, кәрілік деген өзі де жаман нәрсе. Сол уақытта 91 жаста болған Нығметжан қария кәріліктен 2000 жылы 16 сәуір күні өмірден өтті. Ол қала тұрғындарының есінде еңбексүйгіш, адал, ер азамат ретінде қалды. 

Автор страницы солдата

Страницу солдата ведёт:
История солдата внесена в регионы: