Кенбаев Имаш
Кенбаев
Имаш
Сержант

История солдата

Кенбаев Иманғали (Имаш) 1924 жылы Қызылорда облысы, Сырдария ауданында  дүниеге келген.

  1942 жылдың тамыз айының 29-30 жұлдызында Жетікөл ауылы советі, Калинин атындағы колхозында Совет армиясына шақырылады.

  1942 жылдың қыркүйек айының 6-жұлдызында Түркмен Республикасы, Ашхабад қаласындағы №7 атқыштар оқу полкісінде дайындықтан өтеді.

  1942 жылы сәуір айында  жоғарыда аталған оқуды сержант званиясымен бітіріп шығады. Оқуды бітіргеннен кейін Каспий теңізі жағалауындағы   Красноводск қаласы №09324 атқыштар  бригадасының бөлімшесіне аударылады. 1942 жылдың тамыз айында №438 атқыштар полкінің құрамында бөлімшенің командирі болып соғысқа қатысады. Содан кейін 1943 жылдың 6 сәуірінде Украина Республикасы  Кубань даласындағы шайқасқа қатысады. Осы шайқаста оң  жақ йығына оқ тиіп, ауыр жарақаттанады.

               1943 жылдың 4 қазанында   № 36/87 эвакуациялық госпиталында алған жарақатына байланысты ем қабылдайды. 

  Ұлы Отан соғысында  ерлігі мен батырлығы үшін соғыста алған наградалары төмендегідей:

1. Шайқастағы Ерлігі үшін медалімен.

2.СССР  Жоғары  Президиумның жарғысымен “Ұлы Отан соғысында Германияны жеңген жеңісі үшін” медалімен наградталды.

3. СССР  Жоғары  Президиумның жарғысымен “І дәрежелі Отан соғысы” орденімен наградталған.

4. 1941-1945 ж.ж. Ұлы Отан соғысының Жеңісіне арналған 20,25,30,40,50 жылдығына арналған мерекелік медальдармен наградталды.

5. СССР Қарулы Күштеріне 50,60,70 жылдығына арналған мерекелік  медальдармен наградталды.

  Елге келгеннен кейін 1945 жылы отбасын құрып, 4 ұл, 3 қыз баланың әкесі атанады. Қазіргі таңда балаларынан 11 немере, 10 шөбересі бар.

Регион Республика Казахстан
Воинское звание Сержант
Населенный пункт: Кызылорда

Боевой путь

Награды

1

1

2

2

Автор страницы солдата

Страницу солдата ведёт:
История солдата внесена в регионы: